Skip to main content
search

 2024 жылғы 14 қазанда Хубэй университетінің өкілдері «ҚДСЖМ» ҚМУ-де болды. Кездесу барысында клиникалық қызмет жөніндегі проректор Жұмабеков Әуесхан Төлегенұлы университет қызметі туралы қысқаша ақпарат берді. Қытай тарапы Хубэй университетінің инфрақұрылымы, академиялық және ғылыми жетістіктері туралы бейнеролик ұсынды.
🗣️ Келіссөздер конструктивті жағдайда өтті, оның барысында тараптар академиялық және ғылыми байланыстарды дамыту бойынша тәжірибе және идеялармен алмасты. Кездесудің негізгі тақырыптары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тыңдаушылармен алмасу және бірлескен ғылыми жобалар жасау мәселелері болды.

Close Menu