Skip to main content
search
0

2024 жылғы 18-24 тамыз аралығында “ҚМУ” ҚМУ Қытайдың Шиян қаласындағы Хубей медицина университеті ұйымдастырған “A journey to Science and Health” атты Халықаралық жазғы мектепке қатысты.

Тағылымдамадан өту барысында қатысушылар бағаналы жасушалар туралы, неврологиялық ауруларды зерттеудегі жетістіктер туралы дәрістер, оқыту әдістемесіне, зерттеуге және әкімшілік жұмысқа арналған семинар тыңдады. Университеттің тарихи мұражайына, өмір туралы ғылымдар мұражайына және клиникалық дағдыларды оқыту орталығына барып, университет кампусына экскурсия жасады.

Тайхэ аффилиирленген ауруханасына, Шиян қаласының Денсаулық сақтау орталығы мен мұражайына, фармацевтикалық инжиниринг орталығына және дәрілік өсімдіктер бақшасына, Ренминь аффилиирленген ауруханасына барды, онда бізге диагностика мен емдеудің заманауи әдістері көрсетілді.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.

Хубей медициналық университетінде тағылымдамадан өту кәсіби білімді кеңейтуге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және қытай мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін ұмытылмас тәжірибе болды.

Close Menu