«Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы, PhD candidate Нарымбаева Н.Н. 2026 жылғы 25-26 наурыз аралығында Базель (Швейцария) қаласында өткен «The 1st International Online Conference on Healthcare – The Future of Healthcare: Innovations and Trends (IOCH 2026)» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Конференция денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне арналды және цифрлық денсаулық сақтау, пациентке бағытталған көмек, медициналық қызмет көрсетудің интеграцияланған жүйелері, клиникалық деректерді басқару, жасанды интеллект және басқа да инновациялық тәсілдер бойынша заманауи ғылыми жетістіктерді көрсетті. Іс-шара аясында денсаулық сақтау жүйелерінің болашағын айқындайтын негізгі үрдістер мен өзекті мәселелер талқыланды.
Нарымбаева Н.Н. «Analysis of Medical Personnel in the Primary Health Care Service in Public and Private Health Sectors» тақырыбында постерлік баяндама ұсынып, Қазақстан Республикасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі мемлекеттік және жеке сектордағы кадрлық ресурстарға талдау жасады. Конференцияға баяндама ұсыну қатысушыға берілген сертификатпен расталды.
Конференцияны Multidisciplinary Digital Publishing Institute (MDPI) халықаралық ғылыми баспасы ұйымдастырды. Бұл – 1996 жылы негізі қаланған және Базель қаласында орналасқан ашық қолжетімді ғылыми журналдардың ірі баспаларының бірі.


