Skip to main content
search

Халықаралық конгресс резолюциясы «Денсаулыққа апарар көпірлер: ғылым мен клиника»
Өткізу күні: 2025 жылғы 10–11 сәуір
Өткізу орны: Алматы қаласы, Өтепов көшесі 19а
Ұйымдастырушылар: «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медициналық университеті, AMC TELEDOC International Pte, Singapore халықаралық білім беру ұйымының, «Көмекэксперт» жобасының, «Тәуелсіз сараптама және симуляциялық оқыту одағы» ҚБ мен Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті қауымдастығының қатысуымен

  1. Кіріспе:
    Ғылым күніне орайластырылған «Денсаулыққа апарар көпірлер: ғылым мен клиника» халықаралық конгресі – денсаулық сақтау саласындағы менеджерлер, клиницистер, жас ғалымдар, фармакологтар және мейіргерлерді біріктіретін маңызды алаңға айналды. Іс-шараның мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және медициналық көмектің сапасын арттыру мен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған стратегияларды әзірлеу болды.
  2. Негізгі бөлімдер:
    Ғылыми жетістіктер мен инновацияларды енгізу:
    Ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша озық зерттеулер қарастырылды.
    Клиникалық практикаға инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
    Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің рөлі:
    Денсаулық сақтау ұйымдарын тиімді басқару үшін менеджерлердің біліктілігін арттыру қажеттілігі талқыланды.
    Әкімшілік үдерістер мен ресурстарды оңтайландыру стратегиялары ұсынылды.
    Клиницистерге – заманауи тәжірибе бойынша қолдау:
    Кең таралған ауруларды емдеу бойынша жаңа ұсынымдар ұсынылды.
    Медициналық көмекті көрсету кезінде мультидисциплинарлық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.
    Фармакологияны дамыту:
    Жасанды интеллект негізінде жаңа, қауіпсіз дәрілік препараттарды әзірлеу қажеттілігі көрсетілді.
    Дәрілерді дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында фармакологтар, клиницистер және мейіргерлер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
    Мейіргерлердің рөлін күшейту:
    Мейіргерлердің алдын алу, емдеу және оңалту үдерістеріндегі рөлі талқыланды.
    Олардың кәсіби дағдыларын арттыру үшін оқыту және қайта даярлау бағдарламалары ұсынылды.
  3. Ұсынымдар:
    Мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту:
    Әртүрлі денсаулық сақтау секторлары арасында тәжірибе алмасу және үйлестіру мақсатында интеграцияны дамыту.
    Ғылыми зерттеулерді қолдау:
    Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін арттыру және олардың практикалық медицина мен қоғамдық денсаулықты сақтауға енгізілуін қамтамасыз ету.
    Білім беру бастамалары:
    Барлық мамандықтар үшін жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және инновациялық жаңалықтарды тұрақты түрде енгізу.
    Тиімді басқару:
    Медициналық ұйымдарда заманауи басқару әдістерін, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу.
    Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру:
    Халықтың барлық санаттары үшін тиімді және сапалы дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету шараларын әзірлеу.
  4. Қорытынды және келесі қадамдар:
    Конгресс қатысушылары ғылым мен клиниканың өзара әрекеттестігін дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ортақ көзқарасқа қол жеткізу үшін одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
    Конгресс қорытындысы бойынша қатысушылар халық денсаулығын жақсартуға ықпал ететін бірлескен әрекеттерге дайын екендіктерін білдірді.
    Құрметті әріптестер!
    2025 жылғы мамыр айына жоспарланған екі халықаралық конференцияны назарларыңызға ұсынамыз:
    2025 жылғы 16–17 мамыр — Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
    «Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз мейіргерлік істің үздік тәжірибелерін енгізу», Қызылорда қаласы
    2025 жылғы 20–21 мамыр — Ғылыми-практикалық конференция
    «Денсаулық сақтау кадрлық ресурстары», Алматы қаласы
    Тіркеу туралы толық ақпарат: komekexpert.kz

Close Menu