
ҚДСЖМ Қазақстандық медицина университетінде Қазақстан Республикасының валютасы – теңгенің төл мерекесіне байланысты жазушы, ҚР Ақпараттар академиясының академигі, профессор, ҚР Мәдение қайраткері Ермек Жұмахметұлы Зангиров мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Профессор университетіміз студенттеріне ұлттық валютамыз – теңгенің жасалу, оның айналымға ену тарихын ғана айтумен шектелмеді, сонымен қатар дүние жүзіндегі валюталар жүйесі де кеңінен сөз қозғады. “Валюта – тек тауар алмасу ғана құралы емес, ең алдымен ол мемлекетік элементтің ажырамас бөлігі. Теңгеге құрметтеу, теңгені қастерлеу әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Жер бетінде жалғыз ғана қазақ елі бар, оның шегерасына, әскеріне және валютасына құрметпен, мақтанышпен қарау парыз. Өйткені, мұндай нәрселерге қол жеткізе алмай жүрген жұрттар көп”. Өз сөзінде Зангиров мырза еліміз жастарына отансүйгіштік қасиет туралы ұзағынан әңгімеледі. Кездесудің соңы лектордың коллекциясындағы валюталармен танысумен жалғасты.
