Skip to main content
search

7 маусым — Қазақстанның бүкіл медициналық қауымдастығы үшін айрықша әрі маңызды күн болды!
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қабырғасында Түлектер күні аталып өтті. Бұл күн — дәрігерлерді, ғалымдарды, басқарушыларды және өзгерістерге жол ашатын көшбасшыларды біріктірген ерекше шара.

Іс-шараның шарықтау шегі — «Үздік түлек» марапатын табыстау рәсімі болды. Бұл марапат — денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан түлектерге берілетін жоғары құрмет.

Осы мәртебелі марапаттың иегері атанғанын қуанышпен хабарлаймыз — «ҚДСЖМ» ҚМУ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Джумабеков Ауесхан Төлегенұлы!

Бұл жетістік — тек Ауесхан Төлегенұлының ғана емес, бүкіл ҚДСЖМ ұжымының ортақ мақтанышы. Оның кәсіби шеберлігі, көшбасшылық қасиеті және отандық медицинаның дамуына қосқан үлесі зор құрметке лайық.

Ауесхан Төлегенұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым мен тәжірибе жолында толағай табыстар тілейміз!

Close Menu