Skip to main content
search

2025 жылдың 16–17 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік істің үздік тәжірибелерін енгізу» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара гибридті форматта (онлайн/офлайн) ұйымдастырылды және оны Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Қызылорда жоғары медициналық колледжі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілді.

“ҚДСЖМ” ҚМУ өкілдері конференция аясындағы панельдік сессияларға және кәсіби құзыреттілікті дамыту, мейіргерлік қызметтегі көшбасшылық пен цифрландыру мәселелеріне арналған пікірталастарға белсене қатысты. Университет профессорыКуракбаев Куралбай Куракбаевич №1 секцияда баяндама жасады.

Конференция аясында талқыланған негізгі бағыттар:
– кеңейтілген мейіргерлік тәжірибе
– жасанды интеллектті қолдану
– кәсіби күйзелістің алдын алу
– медицинадағы коммуникациялық дағдыларды дамыту

Бұл конференция мейіргерлік саласындағы үздік халықаралық тәжірибелермен алмасуға және Қазақстандағы мейіргерлік істі дамытуға үлкен серпін беретін маңызды алаңға айналды.

Close Menu