Skip to main content
search

«ҚДСЖМ» ҚМУ магистранттары – Рақова Таива Дарвиновна мен Мадуарова Индира Шубаевна Қазақстан Республикасының Ұлттық медицина қауымдастығының ресми делегациясы құрамында Қытайда өткен Синьцзян медицина қауымдастығы анестезиология комитетінің 23-ші жыл сайынғы ғылыми конференциясында және Орталық Азия анестезиология және периоперациялық медицина форумында университетіміздің абыройын жоғары деңгейде қорғап шықты.

Рақова Таива келесі тақырыпта баяндама жасады:
«Өкпе патологиясы бар науқастарды жансақтау бөлімінде ерте оңалтуға жекелендірілген тәсілді зерттеу».

Мадуарова Индира келесі зерттеуін ұсынды:
«Семіздікке шалдыққан науқастар арасында госпитальға дейінгі кезеңде операция кезіндегі асқынулардың алдын алу».

Конференция Жібек жолы денсаулық сақтау форумы аясында өтті және Қытай, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстан делегацияларын біріктірді.

Магистранттарымыздың бұл халықаралық ғылыми шараға қатысуы – «ҚДСЖМ» ҚМУ-ның мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екенін және олардың ғылыми еңбектерінің өзектілігін көрсетеді.

Форум ұйымдастырушыларына халықаралық аренада Қазақстан ғылымын таныстыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз!

Close Menu