

Қытайдағы академиялық мобильділік!
2025 жылдың 21 шілдесі мен 2 тамызы аралығында «ҚДСЖМ» ҚМУ- нің хирургия кафедрасының резиденттері мен оқытушысы ҚХР, Сиань қаласындағы Цзяотун университетінің Бірінші ауруханасында академиялық мобильділік бағдарламасынан өтуде 🇨🇳
Резиденттер жеке білім беру траекториясы бойынша оқып, клиникалық айналымдарға, операцияларға, талдауларға және науқастарды қабылдауға қатысуда.
Кафедра оқытушысы операциялық блоктарда практикалық сабақтар өткізіп, нақты клиникалық жағдайда білім беруде.
Сонымен қатар, түрлі елдердің сарапшылары қатысатын халықаралық академиялық дәріс өткізу жоспарланған
Цзяотун университетінің Бірінші ауруханасы — Қытайдағы 3А деңгейіндегі жетекші көпсалалы медициналық орталық. Бұл мекеме емдеу, білім беру, ғылым мен алдын алуды біріктіретін Солтүстік-Батыс Қытайдағы басты клиникалардың бірі саналады. Әріптестерімізді халықаралық тәжірибе жинап, кәсіби көкжиегін кеңейту мүмкіндігімен шын жүректен құттықтаймыз!