
«ҚДСЖМ» ҚМУ: радиология кафедрасында резиденттермен кездесу өтті
Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ»-де радиология кафедрасының оқытушылары мен тәлімгерлері 1 және 2-оқу жылындағы резиденттермен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, резиденттердің теориялық және практикалық даярлығы, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби дамуына қатысты мәселелер талқыланды.
Кеңес аясында резиденттер радиологияның өзекті бағыттары бойынша баяндамалар жасап, өздерінің білім деңгейін, талдау дағдыларын және кәсіби дамуға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Мұндай кездесулер оқытушылар, тәлімгерлер және резиденттер арасындағы өзара байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және радиология саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
