«ҚДСЖМ» ҚМУ кафедрасының доценті бос лауазымына конкурс

«ҚДСЖМ» ҚМУ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасының доценті – 2,0 штаттық бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

ғылыми дәрежесінің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы;

ғылыми-педагогикалық қызмет саласында кемінде 7 жыл жұмыс өтілінің болуы;

оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жыл ішінде біліктілікті арттыру туралы куәлігінің болуы;

соңғы бес жыл ішінде педагогикалық құзыреттер немесе білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігінің болуы;

зейнеткерлік жасқа жетпеген болуы.

Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгергені құпталады. Бұл мемлекеттік (ағылшын) тілін атқаратын лауазымы шеңберінде мамандық бойынша толыққанды қолдануға, оқу сабақтарын жүргізуге және құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде болуы тиіс.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;

өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

медициналық арнайы ұйымдарда есепте тұрған тұлғалар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды ұсынады:

белгіленген нысандағы өтініш;

конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

белгіленген нысандағы, көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады:

ҚР азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

жұмыс (қызмет) орнындағы кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

құжаттарды ұсынған күнге дейін 3 (үш) айдан аспаған №075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір айдан аспаған психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір айдан аспаған наркологиялық ұйымнан анықтама;

ұсыным хат;

«Мен және менің мансабым» тақырыбында еркін нысандағы эссе.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурс өткізу күні: 2026 жылғы 28 тамыз

Өткізу орны: Алматы қаласы, Өтепова көшесі, 19А.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «ҚДСЖМ» ҚМУ HR бөлімінің кадр мәселелері жөніндегі маманы Мынбаева Д.С.-ға ұсыну қажет.

Мекенжайы: Алматы қ., Өтепова көшесі, 19А, 210-кабинет

Ұялы телефон: 8 (707) 140 01 87

E-mail: d.mynbayeva@ksph.kz

Share