
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің ресми хабарламасына сәйкес, “ҚДСЖМ” ҚМУ диссертациялық кеңесінің қызмет мерзімі 8D101 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша ұзартылды!
Бағыт: 8D10141, 6D110100 – «Медицина»
Комитеттің бұйрығы: №305, 2025 жылғы 4 наурыз
Жұмыс мерзімі: 2028 жылғы 3 наурызға дейін
“ҚДСЖМ” ҚМУ жоғары академиялық стандарттарды сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы философия докторларын (PhD) даярлауға жағдай жасауды жалғастырады.
Диссертациялық кеңестің жұмысы, диссертацияларды қорғау және құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Ғылым және консалтинг департаментіне хабарласыңыз.
Толығырақ: ksph.edu.kz Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.