

Еуразиялық аккредитация және білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын қамтамасыз ету орталығы біздің резидентура бағдарламаларымыздың жоғары деңгейін растады. Бұл ҚМУ «ҚДСЖМ»-да оқу халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, ал түлектеріміз қажетті дағдылар мен бәсекеге қабілетті білім алады деген сөз.
Аккредитациядан өткен резидентура бағдарламалары:
-Оториноларингология
– Кардиология
– Неонатология
– Дерматовенерология
– Гастроэнтерология
– Психиатрия
– Эндокринология
-Физикалық медицина және оңалту
-Онкология
Болашақ мамандарды даярлауға үлес қосып жатқан баршаңызға алғысымыз шексіз! Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.