
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Заманауи ақпараттық жүйелер мен инновациялық шешімдер білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді жетілдіруге және медициналық қызметтердің тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Университет цифрлық құзыреттіліктерді дамытуға, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге және инновациялық тәсілдерді қолдауға ерекше мән береді.
Осы мерекеде ақпараттық технологиялар саласының барлық мамандарына кәсібилігі, жауапкершілігі және цифрлық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Кәсіби жетістіктеріңіз молайып, жаңа идеяларыңыз жүзеге асып, еңбектеріңіз табысты болсын!
