Skip to main content
search

ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті 2024 жылғы 1 ақпаннан 15 сәуірге дейін докторантураға түсушілер үшін алдын ала іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды!

I. Алдын ала іріктеу: ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары” бұйрығына сәйкес (08.06.2023 ж.; 15.12.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) алдын ала іріктеу докторантураға түсу үшін міндетті кезең болып табылады. “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінен алдын ала іріктеуден өтпеген үміткерлер докторантураға түсу үшін түсу емтихандарына жіберілмейді.

“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға үміткерлерді алдын ала іріктеуден өткізеді, білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзімі 3 жыл:

– D139 – “Қоғамдық денсаулық сақтау”;

– D141 – “Медицина”.

Докторантураға “магистр” дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған үміткерлер қабылданады.

II. Докторантураға алдын ала іріктеуден өту үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:

1. “ҚДСЖМ” ҚМУ ректорының атына өтініш (1-қосымша);

2. Жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдардың түлектері үшін);

4. Оқу орнынан анықтама (магистратура/резидентура бітіруші курс студенттері үшін);

5. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат; соңғы үш күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдардың) тізімі;

6. Болашақ зерттеудің жоспар-бағдарламасы (жоспар-бағдарлама нысаны); ғылыми журналдар мен еңбек жинақтарында жарияланымдар (бар болса);

7. Ғылыми конференцияларға қатысу (бар болса);

8. Ғылыми гранттар (бар болса);

9. Ғылыми дипломдар мен марапаттар (бар болса);

10. Конференцияларға қатысу сертификаттары (бар болса);

Сканерленген құжаттарды электрондық мекенжайға жіберу қажет kmu_ksph@mail.ru

Тізбеден құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден өтініштерді қарастырмайды.

Докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін үміткерлердің алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар

Білім беру бағдарламаларының коды және тобыҚажетті білім деңгейі мамандығының коды және атауы
D139 Қоғамдық денсаулық сақтауМагистратура мамандығы бойынша: 6М110100 – “Медицина”; 6М110200 – “Қоғамдық денсаулық сақтау”; 6М110300 – “Мейірбике ісі”; 6М110400 – “Фармация”; 6М110500 – “Медициналық-профилактикалық іс”; 6М110600 – “Денсаулық сақтау менеджменті”; Резидентура (барлық мамандықтар).
D141 Медицина6М110100 – “Медицина”; мамандықтар бойынша Магистратура. Резидентура (барлық мамандықтар).

Барлық туындаған сұрақтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне хабарласуға болады. Тел.: +7 (771) 780-76-67; жұм.тел.: + 7 (727) 337 80 18 (ішкі. 103) e-mail: kmu_ksph@mail.ru 

Мекен-жайы: Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а.

Close Menu