Skip to main content
search
0

Стратегиялық дамыту және сапа менеджменті жүйесі департаменті

Турыкбаева Жания Бекболатовна

Турыкбаева Жания Бекболатовна

директор қ.а.

Жұмыс телефоны: ішкі.168
e-mail: z.turykbayeva@ksph.kz

Медетбек Сымбат

Медетбек Сымбат

бас маман

e-mail: smedetbek21@gmail.com
Телефон: +77074695163

Департаменттің негізгі мақсаты:

Стратегиялық дамыту және сапа менеджменті жүйесі департаментінің (бұдан әрі – департамент) негізгі мақсаты стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеу және іске асыруды бақылау, сондай-ақ «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС сапа менеджменті жүйесін қолдау және жетілдіру.

Міндеттері:

Өз қызметінің негізгі мақсатына сәйкес департамент мынадай міндеттерді орындайды:

1. Тапсырыс берушілердің білім беру, ғылыми, консалтингтік, сараптамалық, ақпараттық, ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтерге қажеттілігін зерттеу.

2. Келешегі бар және потенциалды серіктестерді, тапсырыс берушілер мен тұтынушыларды білім беру, ғылыми, консалтингтік, сараптамалық, ақпараттық, ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтерге іздеу, іскерлік байланыстар орнату және ынтымақтастықты жолға қою.

3. Департаменттің және «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС – нің нормативтік, әдістемелік құжаттарын әзірлеу және енгізу.

4. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС – нің сапа саласындағы Саясаты мен Мақсаттарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

5. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС сапа менеджменті жүйесін өзектілендірілген қалыпта ұстау.

6. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС құрылымдық бөлімдерінде СМЖ бойынша бақылау жүргізу.

7. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС – нің СМЖ құжаттарын басқару.

8. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС құрылымдық бөлімдерінің ішкі аудиттерін өткізу.

9. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС құрылымдық бөлімдерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша түзету жүргізулерін бақылау.

10. СМЖ мәселелері бойынша Басшылық тарапынан талдау жүргізілуі үшін деректерді дайындау.

11. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС – нің бәсекеге қабілеттілік әлеуетін арттыруға атсалысу.

12. «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖШС – нің имидждік саясаты мен брендін нығайту.

Close Menu