Skip to main content
search
0

Оқу-клиникалық бөлім

Абирова Акмарал Адильхановна

Абирова Акмарал Адильхановна

Оқу-клиникалық бөлімінің басшысы

Мақсаты білім беру қызметі саласындағы стратегиялық даму жоспарын іске асыру, клиникалық бейіндегі кафедраларда оқу және клиникалық жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қойылатын талаптарға сәйкес білім беру қызметін оқу-клиникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

Резидентура тыңдаушыларының оқу процесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттары мен сапасын бағалауға, ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ ЖШС профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастырушылық, оқу және клиникалық жұмысын үйлестіру;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру контингентінің қозғалысын ұйымдастыру және есепке алу;

Резидентура түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

Білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, жаңа білімді өз бетінше меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

Жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті кәсіби мәдениеттің, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары мамандарды даярлау;

Докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудегі кәсіби деңгейін арттыру, дағдылар мен іскерліктерді бекіту;

Клиникалық кафедралардың / курстардың клиникалық қызметіне мониторинг жүргізу;

Білім беру процесіне дәлелді медицинаға негізделген клиникалық хаттамаларды, стандарттарды, алгоритмдерді және т. б. енгізуді мониторингтеу;

Клиникалық кафедралар қызметкерлері мен білім алушылардың клиникалық дағдыларын арттыру үшін білім беру процесіне симуляциялық технологияларды енгізуге ықпал ету;

Медицина бойынша нормативтік актілерді, ауруды емдеудің, алдын алудың және оңалтудың клиникалық хаттамаларын әзірлеуге қатысу;

Бірлескен қызмет туралы шарттар жасасу рәсімін одан әрі үйлестіре отырып, клиникалық базаларды, оның ішінде өндірістік практика бойынша медициналық ұйымдармен келіссөздер жүргізу жолымен кеңейтуді қамтамасыз ету;

Заманауи талаптарға сәйкес оқу процесін жаңғыртуға қатысу, Симуляциялық орталық жағдайында клиникалық оқыту үшін білім беру қызметін дамыту стратегиясын іске асыруға қатысу;

Клиникалық кафедралардың білім беру қызметін басқару.

Бөлімнің ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу, олардың тиісінше орындалуын бақылау;

Бөлімше қызметінің саласына қатысты мәселелер бойынша “ҚДСЖМ” ҚМУ ЖШС ішкі нормативтік құжаттарының мониторингі, олардың толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;

Резидентурада оқу процесін жоспарлау (жұмыс оқу жоспарларын, кафедраларға оқу тапсырмаларын, сабақтар кестесін жасау, келісу және бекіту, штат кестесі үшін сағаттарды есептеу, резидентураға қабылдау қағидаларын және т. б.);

Резидентура тыңдаушыларының жеке жоспарларын жасау және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Резидентурадағы оқу процесін ұйымдастыру, бақылау және реттеу;

Резидентураға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;

Резиденттердің ББМС-на, үлгілік оқу жоспарларына, бағдарламаларына және резидентурадағы білім беру процесін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін орындауды ұйымдастыру және дайындығын бақылау;

Резиденттерді даярлауға қатысатын кафедралардың клиникалық жұмысын үйлестіру;

Резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бағалау (үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау) үшін “ҚДСЖМ” ҚМУ ЖШС-де белгіленген бақылау мен аттестаттаудың барлық нысандарын әдістемелік қамтамасыз етуді дайындауды ұйымдастыру және бақылау;

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының, мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

Резидентура тыңдаушыларының жеке жоспарларының орындалуын бақылау; резидентура тыңдаушыларының оқу тәртібін және “ҚДСЖМ” ҚМУ ЖШС ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын бақылау, оқу тәртібін қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

Қашықтықтан оқыту және телемедицина технологияларын қоса алғанда, инновациялық модельдерді, әдістемелерді, оқыту технологияларын апробациялау және енгізу;

Қашықтықтан оқыту және телемедицина технологияларын қоса алғанда, инновациялық модельдерді, әдістемелерді, оқыту технологияларын апробациялау және енгізу;

Білім беру процесіне және практикалық денсаулық сақтауға ғылыми қызмет нәтижелерін енгізуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

Клиникалық кафедралардың/курстардың клиникалық қызметін мониторингілеу және талдау;

Медицина мамандарының біліктілік деңгейін және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру үшін “ҚДСЖМ” ҚМУ ЖШС құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, дәлелді медицинаға негізделген клиникалық хаттамаларды, стандарттарды, алгоритмдерді және т. б. білім беру процесіне енгізуді мониторингілеу;

ҚДСЖМ ҚМУ “ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде үздік клиникалық практикасы бар жаңа клиникалық базаларды іздеу;

Сапалы білім беру процесін жүргізу үшін жағдай жасау бөлігінде клиникалық базалардың шарттық міндеттемелерді іске асыруының мониторингі;

Проблемалық мәселелерді уақтылы шешу, бірлескен ынтымақтастық шарттарын қайта жасасу үшін тұрақты серіктестермен байланыстарды қолдау;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді бөлімшелерімен белсенді ынтымақтастық;

Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын, медицина қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру және арттыру бойынша клиникалық кафедралардың ұсыныстарын өңірлік денсаулық сақтауға ұсыну;

Өңірлік денсаулық сақтаумен ынтымақтастықта қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге жәрдемдесу (медицина мамандары мен науқастарға онлайн консультация беру, клиникалық тексерулер мен аралау, медицина қызметкерлерін оқыту және т. б.).

Close Menu