2024 жылғы 10-14 маусымда “ҚДСЖМ/KSPH” Қазақстан медициналық университетінде ДДҰ-ның денсаулық сақтау қызметтерінің әлеуетін нығайту жөніндегі пилоттық жобасы аясында ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі ұйымдастырған екінші семинар өтті. Егер ДДҰ ұйымдастырған 2024 жылғы 20-22 мамырдағы бірінші семинарға мектеп медицинасы саласында шешім қабылдаушылар – Денсаулық сақтау және білім беруді басқару органдарының қызметкерлері қатысса, онда аталған семинарға Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары шақырылды.
ДДҰ елдік кеңсесінің консультанты Ақбота Әбілдина аудиторияны мамандандырылған оқу модулін әзірлеу және оны білім берудің барлық деңгейлерінде медициналық білімге интеграциялау жоспарларымен таныстырды. Жоспарлар мектептегі денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін және мектептегі денсаулық сақтау қызметтерінің сапа стандарттары мен мамандарға арналған құзыреттердің Еуропалық тұжырымдамасын бағалау бойынша зерттеу нәтижелері мен ұсынымдарына негізделген, бұл елдегі мектеп медицинасының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Барлығы 30 оқытушы оқытылды, олар семинарды ұйымдастыру деңгейін өте жоғары бағалады және одан әрі білім беру процестеріне тартылады.