2025 жылғы 25 ақпанда «ҚДСЖМ» ҚМУ-да Саха Республикасы (Якутия) «Республикалық аурухана №1 – М.Е. Николаев атындағы Ұлттық медицина орталығы» делегациясымен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында денсаулық сақтау менеджменті саласындағы кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл медициналық білім мен кәсіби өзара әрекеттестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Іс-шара аясында:
Медициналық мекемелердің таныстырылымдары өтті
Медицина және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жетекші мамандардың баяндамалары ұсынылды
Біліктілікті арттыру және кадрлар даярлау мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Осындай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және медициналық білім беру жүйесіне озық тәсілдерді енгізуге маңызды рөл атқарады. Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.


