Цифрландыру және техникалық қолдау департаментінің директоры киберқауіпсіздік жөніндегі семинарға қатысты
2026 жылғы 20 қарашада Цифрландыру және техникалық қолдау департаментінің директоры Асқар Закиржанұлы «Жоғары оқу орындарындағы киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау» атты семинар-практикумға қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының өзекті талаптары, студенттер мен қызметкерлердің дербес деректерін қорғау, кибершабуылдардың алдын алу және жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелерін Smart Bridge платформасы арқылы Жоғары білім берудің бірыңғай платформасымен (ЖББП) интеграциялауға, киберинциденттерді анықтауға, сондай-ақ серверлік және желілік инфрақұрылымды қорғаудың заманауи технологияларына ерекше назар аударылды.
Семинар аясында мемлекеттік органдар мен жетекші IT-компаниялардың өкілдері киберқауіпсіздік саласындағы практикалық ұсынымдар мен заманауи шешімдерді таныстырды.
Іс-шараға қатысу университеттің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзекті талаптармен және озық тәжірибелермен танысуға мүмкіндік берді.

Share