Неонатология курсы қазіргі заманғы медициналық тәжірибенің жоғары талаптарына сай келетін болашақ неонатолог дәрігерлерді даярлауға бағытталған. Курстың негізгі мақсаттары: жаңа туған нәрестелердің ауруларын диагностикалау, емдеу, оңалту және алдын алуға арналған заманауи білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген мамандарды даярлау, сондай-ақ инновациялық технологияларды қолдану. Курстың қызметкерлері әдістемелік ұсынымдар, клиникалық хаттамалар, операциялық рәсімдердің стандарттары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге белсенді қатысады. Сонымен қатар, курс мерзімінен бұрын туған балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсететін қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Алтынбаева Гүлмира Бекназарқызы
PhD, жоғары санатты неонатолог, курстың меңгерушісі.

Жұбанышева Қарлығаш Біржанқызы
профессор, медицина ғылымдарының кандидаты.

Мұсабекова Айда Талғатқызы
оқытушы