«Мейіргер ісі» кафедрасы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медицина университеті» ЖШС құрамында 2024 жылдың 29 сәуірінде құрылды.
Кафедраның ашылуы университет дамуының маңызды кезеңі болып табылады және мейіргер ісі саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Кафедраның құрылу мақсаты – заманауи мейіргерлік білім беру саласындағы оқу, ғылыми және тәжірибелік қызметті біріктіру.
Кафедра алғашқы күннен бастап оқу бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу және оқытудың заманауи технологияларын енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Кафедра оқытушылары студенттердің практикалық дағдыларын, кәсіби этикасын және клиникалық ойлау қабілетін дамытуға ерекше назар аударады.
Кафедра медициналық ұйымдармен, клиникалармен және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан. Бұл студенттерге нақты денсаулық сақтау жағдайларында тәжірибеден өтіп, пациенттермен жұмыс істеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Кафедраның мақсаты
Кафедраның негізгі мақсаты – заманауи ғылыми білімді, технологиялар мен тәсілдерді қолдана отырып, халық денсаулығын нығайту мен күтім сапасын қамтамасыз етуге қабілетті,
бәсекеге қабілетті, құзыретті және этикалық жауапты мейіргер ісі саласының мамандарын даярлау.
Кафедраның міндеттері
- Мейіргер ісі саласы бойынша бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары аясында оқу үдерісін ұлттық және халықаралық стандарттарға сай ұйымдастыру және жүргізу;
- Білім алушылардың кәсіби және коммуникативтік құзыреттерін, клиникалық ойлау және сыни талдау дағдыларын қалыптастыру;
- Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру мен инновация саласындағы бастамаларды қолдау;
Оқу үдерісіне дәлелді медицина қағидаттары мен мейіргерлік этикасын енгізу.

Светланова Шнара Мұратқызы
Email: sh.svetlanova@ksph.kz

Омарова Динара Сейсембаевна

Бупина Арайлым Нурланқызы
Email: arailym3107@icloud.com