Ішкі аурулар кафедрасы 2019 жылы (26.12.2019 ж. №317/1-н бұйрығы) ҚМУ «ҚДСЖМ» құрылымдық бөлімшелерін қайта құру нәтижесінде ұйымдастырылды және клиникалық қызмет департаментінің бөлімшесі болып табылады.
Кафедра жұмысының негізгі мақсаты – дипломнан кейінгі (магистратура, докторантура) және қосымша кәсіптік білім беру деңгейінде оқу, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; ғылыми –зерттеу, емдеу-консультативтік және клиникалық-сараптамалық жұмыс.
Дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде (магистратура, докторантура) таңдау бойынша компоненттер оқытылады:
Озық клиникалық тәжірибе
Негізгі / іргелі ғылымдар саласындағы зерттеулер
Клиникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер
Клиникалық практикадағы қолданбалы зерттеулер
Іргелі медицинадағы қолданбалы зерттеулер
Қосымша кәсіптік білім беру деңгейінде біліктілікті арттыру циклдері өткізіледі, онда білім беру қызметі ішкі медицинаның барлық бөлімдері бойынша жүргізіледі.