Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасы 1997 жылы құрылған. Оның мақсаты – денсаулық сақтау менеджменті бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің басшыларын менеджмент, маркетинг, экономика мәселелері бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтауды жаңғырту мен цифрландыру жағдайында олардың құзыреттілігін дамыту.
Кафедраның мақсаты мен міндеті:
- Медициналық ұйымның стратегиялық дамуына жауапты, көшбасшылық позициясын ұстанатын басшыларды даярлау .
- Медициналық ұйымның заманауи менеджменті талаптарына сай болатын денсаулық сақтау жүйесінің жоғары білікті мамандарын қалыптастыру.
- Білім алушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімді өз бетінше меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру
Денсаулық сақтау менеджменті саласындағы дайындық
- меншіктің барлық нысанындағы ұйымды/кәсіпорынды/мекемені басқару кезінде басқарушылық шешімдер қабылдау негізділігінің деңгейін жоғары арттырады;
- бастамашыл, жан-жақты,мақсаты айқын,өзін дамытуға мүдделі, икемділігі мен бейімділігі жоғары мамандар жұмыс берушіге қажет қазіргі қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттырады;
- жоғары білімі бар мамандардың кәсіптік ұтқырлығы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдеседі;
- жеке білім -кәсібилік мүдделерінің іске асу мүмкіндіктерін арттырады;
- білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, себебі білім алуға үйренушінің өзі қызығушылық танытады;
- денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау қазіргі экономикалық жағдайда өте өзекті болып табылады
«Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының қызметкерлері

Камалиев Мақсұт Әділханұлы
Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор

Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы
Оқу ісі меңг., аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Бимагамбетов Темирлан Болатович
Оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Ахметов Валихан Исаевич
Кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы

Имашева Баян Имашевна
Аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі

Бримжанова Маржан Дихановна
Кафедра доценті, PhD, қауымдастырылған профессор

Ақатқызы Аружан
Аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі

Хаджиева Айман Бериккалиевна
Кафедра доценті, экономика ғылымдарының кандидаты

Усатаев Мурат Меиртаевич
Профессор міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының кандидаты

Жолдасбекова Айжан Сапарбековна
Аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі