“Анестезиология және реаниматология, шұғыл көмек курсымен” кафедрасы 2025 жылы “Анестезиология-реаниматология және трансфузиология” курсынан қайта құрылды. “Анестезиология-реаниматология және трансфузиология” курсының өзі 2022 жылдан бастап Университеттің “Хирургиялық аурулар” кафедрасының құрамында жұмыс істей бастады.
Кафедра резидентура шеңберінде кадрлар даярлауды, сондай – ақ біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарын, анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия, шұғыл медициналық көмек бағыттарының өзекті мәселелері бойынша мамандар даярлайды, оның ішінде педиатриялық бағыт бойыншада.
Кафедраны м.ғ.к., доцент Бердиярова Гүлбану Сансызбайқызы басқарады. Кафедрада ғылыми және білім беру қызметін анестезиология және реаниматология саласындағы жетекші мамандар жүзеге асырады: профессор, м. ғ. д. Жұмабеков Т.А., м. ғ. д. Исраилова В.К., м. ғ. к. Әділбаев Е.А., жоғары санатты тәжірибелі дәрігерлер, м. ғ. м. Айтбаева А.Ш., Құлымбетова А.А..
Кафедра қызметкерлері клиникалық хаттамаларды әзірлеумен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, халықаралық және республикалық конференциялар мен форумдарда ғылыми еңбектері жарық көрген. Монографиялар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар жарияланған, оларды студенттер де, тәжірибешілер де белсенді қолданады. Кафедра қызметкерлері бейінді қауымдастықтардың, диссертациялық кеңестердің мүшелері болып табылады.
Кафедраның клиникалық базалары Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы теміржол ауруханасы, Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы және №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы болып табылады.

Бердиярова Гүлбану Сансызбайқызы
berdiyarovagulbanu@gmail.com

Джумабеков Толеген Алтаевич
tulegen.altay@mail.ru

Исраилова Венера Карыпбековна
israilova.venera@mail.ru

Адильбеков Ерболат Алимсакович
alimsak0705@mail.ru

Айтбаева Айжан Шеризатовная
ayzhanmed@mail.ru

Кулимбетова Айгерим Адильхановна
Gerik_4.10@mail.ru