“ҚДСЖМ» ҚМУ академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры лауазымына конкурс
“ҚДСЖМ» ҚМУ академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Мекеме мекенжайы: Алматы қаласы, Үтепов көшесі, 19А.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
-ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы;
-білім беру, ғылым ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда кемінде 5 жыл басшылық қызметте жұмыс өтілі болуы.
Ғылыми атақтың болуы, мемлекеттік және шет тілдерін білу артықшылық болып саналады.
Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ тұлғалар:
- Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;
- Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған тұлғалар;
- Арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар.
Құжаттар тізімі:
- Белгіленген үлгідегі өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Белгіленген үлгідегі түсті 3х4 фотосуреті бар түйіндеме;
- Білімі туралы құжаттар мен қосымшаларының көшірмелері (түпнұсқаларын салыстыру үшін көрсету қажет):
Шетелдік оқу орындарынан алған білім туралы құжаттарға Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы берген тану немесе нострификациялау куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі; - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (кадр бөлімімен расталған);
- №075/у үлгісіндегі медициналық анықтама (құжат ұсынылғанға дейінгі 3 айдан кешіктірілмей алынған);
- Психоневрологиялық диспансерден анықтама (1 ай ішінде алынған);
- Наркологиялық диспансерден анықтама (1 ай ішінде алынған);
- Ұсыныс хаты;
- Еркін форматтағы эссе «Мен және менің мансабым».
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде.
Конкурстың өткізілу күні: 2025 жылғы 4 наурыз, Алматы қ., Өтепов көшесі, 19А. Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Д.С. Мынбаева, HR қызметінің басшысы, ҚМУ «ВШДҒА», Алматы қ., Үтепов көшесі, 19А, 210-каб., тел.: 8(707)140 01 87, email: d.mynbayeva@ksph.kz