


«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Innotech powered by Arizona State University базасында өткен Қазақстан мен Әзербайжан университеттері ректорларының «Study in Azerbaijan» II форумы аясында Нахчыван мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжат тараптардың ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған ниеттерін айқындайды. Бұл серіктестік «ҚДСЖМ» ҚМУ-дың халықаралық байланыстарын нығайтуға, жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасуына және жоғары білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Келісім тараптардың тұрақты әріптестікті дамытуға және өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асыруға ұмтылысын растайды.
Қазақстандық және Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы жоғары білім мен ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды халықаралық алаңға айналды. Іс-шара барысында академиялық әріптестікті дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
