Skip to main content
search

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде (ҚДСЖМ) Халықаралық медиация институтының (RPA «International Mediation Centre») негізін қалаушылар — Қайрат және Назым Төлекеевтермен кездесу өтті.

Осы кездесудің нәтижесінде ҚДСЖМ базасында денсаулық сақтау саласындағы медиация бойынша курс іске қосылады.

Бұл нені білдіреді?

  • Барлық қатысушылар қақтығыстарды шешу дағдыларын меңгеріп, құқық саласындағы білімдерін тереңдете алады.
  • Клиника басшылары — даулардың алдын алуды және сенімге негізделген команда құруды үйренеді.
  • Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері — шағымға дейін дауларды дұрыс шешуді меңгереді.

Сонымен қатар, үлкен жаңалық —«ҚДСЖМ» ҚМУ базасында Қазақстандағы алғашқы Медиация және медициналық құқық орталығы ашылады. Мұнда кәсіби медиаторлар күрделі медициналық жанжалдарға шешім табуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау саласының болашағы – диалог пен сенімде. Біз осы жолды бүгін бастап отырмыз.

Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.

Close Menu