Skip to main content
search

22 қараша 2024 жылы «TQCSI (Kazakhstan)» Халықаралық сертификаттау органы Қазақстан медицина университеті «ҚДСЖМ» сапа менеджменті жүйесіне ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігі бойынша екінші жылдық инспекциялық аудит жүргізді.

Тексеру нәтижесінде сапа менеджменті жүйесінің табысты жұмыс істеп жатқандығы, тұрақты түрде жетілдіріліп отырғандығы және ешқандай бұзушылықтардың жоқ екендігі расталды.

Аудитті «TQCSI (Kazakhstan)» Халықаралық сертификаттау органының жетекші және тәуелсіз аудиторлары жүргізді. Аудиторлар тобының жетекшісі: Турдалиева Г.Р. Аудитор: Оналбаева В.Н.

Тиімді және үнемі жетілдіріліп отыратын сапа менеджменті жүйесінің болуы университеттің жоғары деңгейде жұмыс істеуінің кепілі, оның тұрақтылығы мен ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің дәлелі болып табылады.

Аудит барысында сапа менеджменті жүйесін енгізу, қолдау және жетілдіру тиімділігі қарастырылды, бұл сапа саласындағы саясаттың бағыттарына сәйкестікті, негізгі процестерді жетілдіру бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді дәлелдейтін нақты деректермен расталды.

Сыртқы аудит қорытындысы бойынша өткен қорытынды жиында сарапшылар сапа менеджменті жүйесінің жоғары даму деңгейін, қызметкерлердің кәсібилігін және олардың сапа мәселелеріндегі белсенді қатысуын, сондай-ақ университеттің үздіксіз дамуға деген ұмтылысын атап өтті.

Close Menu