Skip to main content
search

Хабарландыру

Қазақ медициналық университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚМУ «ҚДСЖМ») «Құралбаев Бекмахан Сыбанбайұлы атындағы грантты» алуға конкурс жариялайды.

Мемлекеттік білім беру грантына өту үшін шекті балл жинай алмаған барлық білім беру бағдарламаларының (профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары) магистранттары қатыса алады.

🔹 Гранттың мақсаты — ҚМУ «ҚДСЖМ»-да оқуын жалғастыруға ұмтылатын дарынды түлектерді қолдау.
🔹 Қаржыландыру ҚМУ «ҚДСЖМ»-дағы магистратураның 1 жылдық оқуын қамтиды.
🔹 Жеңімпаздар конкурс негізінде анықталады.

📌 Қатысу ережелері, қажетті құжаттар тізімі және өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы толық ақпарат университеттің ресми сайтында қолжетімді.

«Құралбаев Бекмахан Сыбанбайұлы гранты» туралы Ереже және оны тағайындау тәртібі

Close Menu