
Хабарландыру
Қазақ медициналық университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚМУ «ҚДСЖМ») «Джо Эйрик Асвалл атындағы грантты» алуға конкурс жариялайды.
Мемлекеттік білім беру грантына өту үшін шекті балл жинай алмаған «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының (профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары) магистранттары қатыса алады.
🔹 Гранттың мақсаты — қоғамдық денсаулық сақтау саласында оқуын жалғастыруға ұмтылатын дарынды түлектерді қолдау.
🔹 Қаржыландыру ҚМУ «ҚДСЖМ»-да магистратураның 1 жылдық оқуын қамтиды.
🔹 Жеңімпаздар конкурс негізінде анықталады.
📌 Қатысу ережелері, қажетті құжаттар тізімі және өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы толық ақпарат университеттің ресми сайтында қолжетімді.
«Джо Эйрик Асвалл гранты» туралы Ереже және оны тағайындау тәртібі