26-27 сәуірде біздің “KSPH” университетінің өкілдері “Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы” ҚБ VII конгресіне қатысты (Түркістан қ.).
Конгресс жұмысына Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің жетекші ғалымдары мен практикалық денсаулық сақтау мамандары қатысты. Федерацияны конгрессте профессор К.М. Лебединский және профессор М.Ю. Киров ұсынды.
Конгресс шеңберінде VII Қазақстан-Израиль симпозиумы және басқа да спутниктік симпозиумдар, шеберлік сыныптары, неонаталдық медбикелерге арналған секция, жас ғалымдар байқауы өткізілді.
Бердиярова Гүлбану Сансызбайқызы – Анестезиология және реанимотология курсының меңгерушісі, “Педиатриядағы анестезиология және реаниматология” секциясын модерациялады, сондай-ақ “ҚР балаларға анестезиологиялық-реанимациялық көмек көрсетуді жүзеге асыру мәселелері” атты баяндама жасады.
Буйенбаева Маржан Ғалымқызы – “Денсаулық сақтаудағы менеджмент” мамандығы бойынша 1-ші оқу жылының магистранты: “Мегаполис жағдайында балаларда бас миының жарақаты кезінде шұғыл көмек көрсету” тақырыбында баяндама жасады.
Конгресс балалар мен ересек пациенттерге медициналық көмектің алдыңғы қатарлы медициналық технологияларын, халықаралық танылған сапа және қауіпсіздік стандарттарын енгізу арқылы медициналық қызметтердің кең спектрін ұсыну мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.