Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» ректорының кеңесшісі Бримжанова Маржан Диханқызын 30300 – Денсаулық сақтау ғылымы ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған шешім 2025 жылғы 25 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қол қойған №621 бұйрықпен рәсімделді.
Бұл – Маржан Диханқызының денсаулық сақтау ғылымын дамытуға, білім беруге және медицина мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға қосқан көпжылдық үлесінің заңды мойындалуы.
Ғылыми жолда табыстар, шабыт және жаңа кәсіби белестер тілейміз!
Жаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.