
Павлодар қалалық №1 ауруханасында ұйқыбездің қатерлі ісіктерін емдеуге бағытталған абдоминалды хирургиядағы ең күрделі операциялардың бірі — панкреатодуоденалды резекция бойынша мастер-класс өтті. Операция шамамен 4–5 сағатқа созылды. Хирургиялық араласуды медицина ғылымдарының докторы, Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Болатбек Баймаханов жүргізді. Мұндай операция жасау аурудан толық айығуға 20–30% жағдайда мүмкіндік береді, ал қалған жағдайларда пациенттің…
Read More









