Skip to main content
search

“ҚДСЖМ” 2-курс резиденті Шыңғыс Қаймоллаев Зальцбургте өткен халықаралық Weill Cornell семинарына қатысты

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің “ҚДСЖМ” 2-курс резиденті Шыңғыс Қаймоллаев 2026 жылғы 1–7 ақпан аралығында Австрияның Зальцбург қаласында өткен Salzburg Weill Cornell Seminar in Otolaryngology халықаралық білім беру семинарына қатысты. Аталған бағдарлама Weill Cornell Medicine ұйымының бастамасымен, Open Medical Institute және Зальцбург қаласының Жалпы ауруханасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Семинарға әлемнің әртүрлі елдерінен келген мамандар қатысты. Ғылыми бағдарлама аясында Шыңғыс Қаймоллаев«Созылмалы одонтогенді…
Read More

Педагогикалық практика аясында 1-курс докторанттарының студент-интерндермен коворкинг форматындағы кездесуі

Педагогикалық практика аясында Бибінұр Қабдығалиқызының жетекшілігімен 1-курс докторанттары студент-интерндермен коворкинг форматында кездесу өткізді.Кездесу барысында докторанттардың кәсіби қызмет бағыттары, ғылыми қызығушылықтары және диссертациялық зерттеу тақырыптары таныстырылды.Іс-шара академиялық диалогқа, кәсіби тәжірибе алмасуға және болашақ мамандарды даярлауда сабақтастық қағидаттарын нығайтуға арналған алаңға айналды.
Read More

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламалары түлектеріне диплом табыстау

"ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университетінде "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Денсаулық сақтаудағы менеджмент" білім беру бағдарламаларының түлектеріне дипломдар тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректор Төлебаева Индира Қазбекқызы, сондай – ақ денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, мғд, профессор Камалиев Максут Адильханович және қауымдастырылған профессор Рыскулова Алма – Гуль Рахимовна құттықтау сөз сөйлеп, магистранттарды даярлаудың жоғары деңгейін, олардың қазіргі заманғы…
Read More

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ (ДОКТОРАНТУРА)

2026 жылдың 2 ақпанынан 15 сәуіріне дейін «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университеті 8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсу үшін құжаттарды алдын ала қабылдауды бастайды. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылдың 2 ақпанынан 15 сәуіріне дейін Құжаттарды тапсыру орны: Өтепова 19а, каб. 201, 2 қабат Сайт: ksph.edu.kz Байланыс ақпараты: 87717807667
Read More

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУЛЕРІН ҚАЙТА БАСТАЙДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді қайта бастайды. 2026 жылға бекітілген кестеге сәйкес бақылау іс-шараларымен 118 мемлекеттік және жеке медициналық ұйым қамтылатын болады. Бақылау іс-шаралары барысында білікті мамандардың, тиісті медициналық жабдықтардың, сондай-ақ белгіленген нормативтерге сәйкес келетін үй-жайлардың болуына басты назар аударылатын болады. Сонымен қатар,…
Read More

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МСАК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 80%-ДА ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР АШЫЛДЫ

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі балаларға алғашқы деңгейде кешенді медициналық көмек көрсетуді күшейтуде. 2025 жылдың шілдесінен бастап МСАК ұйымдарының 80%-да педиатриялық бөлімшелер құрылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Үкімет отырысында. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап елде патологияны ерте анықтау және емдеу үшін 336 ерте даму және араласу орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда балаларға әмбебап-прогрессивті модель бойынша 4 мыңға…
Read More

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАМЕН ҚАМТЫЛУЫН 66%-ҒА ДЕЙІН АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде 5 жыл бойы балаларды профилактикалық қарап-тексерулермен және патронажбен қамтуды 50%-дан 66%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында. Бұл ретте бір мезгілде медициналық инфрақұрылымның тозуын 42%-дан 30%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, мамандандырылған педиатрияны, цифрландыруды және денсаулық сақтау нысандарын…
Read More

2025 жылы 1 700-ден астам медицина қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Өткен жылы Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде МСАК ұйымдарының мамандары 1 165 мейіргер мен 553 жалпы практика дәрігерін оқытудан өтті. Бағдарламаларға бір маманға төрт модуль кірді. Жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді. 2025 жылы оқытудың басым бағыттары:- кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау — 173;- медициналық ұйымдарды аккредиттеу…
Read More

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АУҚЫМДЫ ТІЗБЕСІ ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛДЫ

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылды. Тиісті шаралар дәрілік заттардың 3000-нан астам атауын қамтиды, оның 1 200 атауы орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада сату кезінде ҚҚС-тан босатылуға жатады. Сондай-ақ сирек және…
Read More

ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ БУЫНЫ ҮШІН ДӘРІГЕР КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

2025 жылы Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) пен амбулаториялық-емханалық көмекті (АЕК) нығайту шеңберінде интернатурада ең сұранысқа ие алты мамандық бойынша дәрігерлерді даярлау басталды. Олар: жалпы практика дәрігері (ЖПД), терапия, педиатрия, хирургия, балалар хирургиясы және акушерлік-гинекология. Бұл шаралар, ең алдымен, бастапқы буын деңгейінде халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Денсаулық сақтау жүйесін білікті балалар мамандарымен қамтамасыз етуге ерекше…
Read More
Close Menu