Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы клиникалары қауымдастығының төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нукушева Сауле Ғалимқызы «Құрмет» орденімен марапатталды. Марапатты Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы табыстады. Сауле Ғалимқызы еліміздің денсаулық сақтау саласына көп жылдарын арнап, қазіргі уақытта да медицина саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру мен дамытуға белсенді қатысып келеді. Ол Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми кеңесінің тұрақты мүшесі және магистранттардың Қорытынды аттестациялық комиссиясының төрайымы болып табылады
Previous PostҚазақстандық Медицина Университеті Жоғары Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебі медицина ғылымдарының докторы, профессор Байгенжин Абай Қабатайұлын «Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен шын жүректен құттықтайды!
Next Post18.10.2024 ж. Алматы тері-венерологиялық диспансерінің базасында Алматы облысының жалпы практика дәрігерлеріне ,акушер-гинекологтарына және дерматовенерологтарына арналған "ҚДСЖМ" ҚМУ дерматовенерология курсының қатысуымен вебинар өтті.