Skip to main content

Аккредиттеу мен рейтингтер


 

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар № KZ18LAA00006861 (мерзімсіз) 04.2016, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктерге ие: Институционалдық аккредиттеу IA № 00035 25.05.2021 ж. – 24.05.2026 ж., Мамандандырылған аккредиттеу SA № 00058-63 25.05.2021 ж. – 24.05.2026 ж.

«ҚДСЖМ» ҚМУ-нің ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі халықаралық орган – TQCSI (Қазақстан) компаниясы сертификаттады және растады – сертификат № KZ282-QC 2017 жыл 13 қаңтар, қайта сертификаттау 2023 жыл 13 ақпан.

Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша саралау нәтижесінде «ҚДСЖМ» ҚМУ «Ұлттық бизнес рейтингінің Жыл көшбасшысы – 2017 ж.» атағымен марапатталды.

«ҚДСЖМ» ҚМУ 2020 жылғы ғылыми және инновациялық қызметтің көрсеткіштері және республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өткізген соңғы үш жылдағы рейтингтік көрсеткіштердің динамикасын бағалау бойынша клиникалық емес бейіндегі медицина ғылымы ұйымдарының рейтингінде 1-ші орынды иеленді.

СМЖ

Ғылым

2020

«Ғылым жөнінде» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аккредиттеу туралы куәлік