Құрметті магистратурада оқығысы келетіндер!
2024 жылғы 8 шілдеде (қоса алғанда) Кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталатынын хабарлаймыз. Өтініш беру мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн қалды, 8 шілдеден кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталады.
Магистратураның білім беру бағдарламалары: “денсаулық сақтаудағы Менеджмент”; “Қоғамдық денсаулық сақтау”; “Медицина”; “Мейірбике дело”, “Медициналық-профилактикалық іс” бейінді (1 жыл және 1,5 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағыттағы.
Емтиханға дайындалу үшін Сіз бейіндік пәндер бойынша тегін on–line сынақ тестінен өте аласыз.
Университет сайтында “Оқуға түсушілер” бөлімінде тесттерге қол жеткізу https://ksph.edu.kz/.
Естеріңізге сала кетейік, магистратураның бейіндік бағытына 100 гранттық орын бөлінген: денсаулық сақтаудағы Менеджмент – 50; Қоғамдық денсаулық сақтау – 50.
ӨТІНІШТЕРДІ УНИВЕРСИТЕТ САЙТЫНДА ҚАЛДЫРЫҢЫЗ HTTPS://KSPH.EDU.KZ
ТЕЛ: +7 (727) 337 80 28 (32) іш.103, +7 7717807667