Ғалымдардың көптеген сұраныстарына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және ҒЗИ-мен байланыс орнатуға көмек көрсетеді.
Ресми және өтеусіз негізде “Халықаралық бағдарламалар орталығының” сарапшылары “500 ғалым”ғылыми тағылымдамасынан өтуге шетелдік жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-мен байланыс орнатуға және шақырулар алуға жәрдемдесетін болады.
“500 ғалым” жобасы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген жүздеген ғалымдарға біліктілігін арттыру және зерттеулер жүргізу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Көмек алу үшін өтінімді поштаға жіберу керек 500galym@bolashak.gov.kz.
Маңызды: өтінімді жібермес бұрын талаптарды тексеріңіз.
Өтінімде келесі ақпаратты көрсету қажет:
- Аты-жөні;
- Аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық ұйымдағы жұмыс орнынан кемінде 12 ай мерзімде растау;
- Ғылыми зерттеудің басым бағытының атауы және мамандануы;
- Қазақ тілін білу туралы жарамды сертификат (Қазтест немесе Qazaq Resmi Test);
- Шет тілінде тағылымдамадан өткен жағдайда-ағылшын тілі сертификаты (IELTS, TOEFL немесе Doulingo);
- Ғылыми нәтижелердің тізбесі немесе құжаттарға сілтемелер (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында немесе уәкілетті орган ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін мақалалар немесе шолулар және (немесе)PCT (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімі;
- Сіз тағылымдамадан өткіңіз келетін ұйымның/елдің атауы;
- Түйіндеме.
Сайтта ғылыми тағылымдамалар мен конкурстық іріктеуге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берілген bolashak.gov.kz.
Біздің орталықтың сарапшыларынан WhatsApp/Telegram +7 (700) 776 00 75 нөмірі бойынша кеңес алуға болады
Естеріңізге сала кетейік, құжаттарды тапсыру Орталықтың ресми сайты арқылы цифрлық форматта жүзеге асырылады және Астана қаласына келуді талап етпейді.