2024 жылғы 6 қыркүйекте 24 докторант “ҚДСЖМ” ҚМУ PhD докторантурасын бітіргені туралы куәлік алды, оның ішінде “Медицина” білім беру бағдарламасы бойынша – 14 докторант; “Қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша – 10 докторант.
Академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректор, м.ғ.д, профессор Камалиев Мақсұт Әділханұлы докторантура түлектеріне арнаған сөзінде атап өткендей:
“Біз сіздің оқу барысында көрсеткен кемелдікке, табандылық пен адалдыққа деген ұмтылысыңызды бағалаймыз .
Сіздер бәрімізді шабыттандыратын кәсібиліктің, жауапкершіліктің және ғылыми батылдықтың жоғары деңгейін көрсеттіңіздер.
Сіздерге алдағы кәсіби қызметтеріңізде табыс тілейміз. Сіздердің жұмыстарыңыз болашақта да осындай маңызды жетістіктермен белгіленсін, ал сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз қоғамның игілігіне қызмет етсін”.
Докторантура түлектерін: клиникалық қызмет жөніндегі проректор, профессор А. Т. Жұмабеков, бас ғылыми кеңесші, профессор Г. М. Есенжанова, кафедра меңгерушісі, доцент А. Р. Рысқұлова, доцент М. А. Баймуратова қарсы алды.
Түлектер университет әкімшілігі мен ПОҚ докторантурада оқығандары үшін алғыс білдірді.