2026 жылғы 9 сәуірде Ғылым күніне орай «ҚДСЖМ» ҚМУ-де «Ғылым және жастар: денсаулық сақтауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында IV Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция барысында «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Клиникалық медицина» секциялары бойынша баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, бейінді бағыттар бойынша маңызды тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолдары қарастырылды.

Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамашылар анықталып, марапатталды. Жүлдегерлерге келесі мүмкіндіктер ұсынылды:
I орынға – ғылыми жұмысты нормобақылаудан тегін тексерту (30 000 теңге);
II орынға – антиплагиат жүйесінде жұмысты тегін тексерту (20 000 теңге);
III орынға – университеттің Medicine Science and Education ғылыми-практикалық журналында мақаланы тегін жариялау (15 000 теңге).

Қоғамдық денсаулық сақтау секциясы бойынша:
I орын – Тұрсаев Ақжан Алмасұлы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты;
II орын – Туреханова Айжан Джамбулбаевна, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2 курс докторанты;
III орын – Нарымбаева Назерке Нурмағамбетқызы, PhD докторанты, денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының аға оқытушысы.

Қосымша сыйлық ретінде Баянова Айдана Боранбекқызына антиплагиат жүйесінде жұмысты тегін тексерту мүмкіндігі берілді.

Клиникалық медицина секциясы бойынша:
I орын – Әшірбай Қанат Серікұлы, «Медицина» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты;
II орын – Абдулла Венер Абайқызы, «Дерматовенерология» мамандығының 1 курс резиденті;
III орын – Шиланбаев Нышанбек Ратбекұлы, «Медицина» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты.

Постерлік баяндамалар бойынша:
I орын – Омарова Үкілі, Қарабұлақ ауданындағы №22 мектеп оқушысы («Сөйле ЖИ» стартап жобасы);
II орын – Мұхаметқали Әділмырза Ержанұлы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 7 курс интерні;
III орын – Жатқанбаева Айнұр Жанатқызы, «Радиология» мамандығының 2 курс резиденті.

Конференция соңында қатысушылар пікір алмасып, ғылымды дамыту бағытындағы алдағы жоспарларды талқылады. Сонымен қатар, конференция материалдары негізінде ғылыми мақалалар жинағы жарық көретін болады. Барлық ат салысқан қатысушыларға сертификаттар берілді.

Share