


2026 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы Ғылым қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Соның ішінде, «ҚДСЖМ» ҚМУ Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Камалиев Максут Адильханович және «ҚДСЖМ» ҚМУ ректорының кеңесшісі, қауымдастырылған профессор Бримжанова Маржан Дихановна Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапат иелерінің жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және ғылымды дамытуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Бұл жетістік – әріптестеріміздің көпжылдық еңбегінің нәтижесі әрі жас мамандар үшін үлгі болары сөзсіз.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық биіктер тілейміз!
