Skip to main content
search

2025 жылдың қорытынды жаңалығы ретінде «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқауға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты. Нәтижесінде бұл мәртебелі атақ 39 жоғары оқу орнынан 150 оқытушыға берілді.
Осы жеңімпаздар қатарында университетіміздің Ғылым және консалтинг департаментінің директоры Шарапат Марқашқызы Мойынбаева да бар. Университетіміздің абыройын асқақтатқан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шарапат Марқашқызы — жоғары кәсібилігімен, ғылым саласына деген зор жауапкершілігімен және адалдығымен ерекшеленетін білікті маман. Ол Scopus базасында индекстелген 7 ғылыми мақаланың, БҒСҚК (ККСОН) тізіміне енген 12 ғылыми мақаланың, 2 монографияның, Springer Nature баспасынан жарық көрген 1 кітаптың, 3 әдістемелік оқу құралының авторы. Сонымен қатар, 4 авторлық куәлігі бар және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасының ғылыми жетекшісі болып табылады.
Жақында Қазақстан Медицина қызметкерлері қоғамының шешімімен денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін Шарапат Марқашқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Аталған жетістіктер — Шарапат Марқашқызының «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына әбден лайық екенінің айқын дәлелі. Әріптесімізді үлкен жетістігімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейміз!

Close Menu