
2025 жылғы 3 қарашада «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» атты гранттық қаржыландыру жобасының сарапшыларына арналған Дөңгелек үстел өтті.
Жобаның бірінші жылын іске асыру әдіснамасы мен нәтижелерін талқылауға төмендегі сарапшылар қатысты: Қожекенова Ж.А. – медицина ғылымдарының кандидаты, асс. профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы; Уразбаева Д.Ч. – медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Ғылыми кеңесінің хатшысы;
Топанова Г.Т. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің теориялық және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі; Гужбина С.А. – психология ғылымдарының PhD докторы, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы. Жобаның ғылыми жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев М.А. және жобалық топ мүшелері тақырыптық баяндамалар жасап, олардың барлығы сарапшылар тарапынан оң баға алды.
