




2025 жылғы 13–14 қазан күндері Астана қаласында «Қазақстан денсаулығын сақтау: дәрі-дәрмектер мен инновациялық технологиялар. Тәжірибе және перспективалар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова қатысты.
Конференция барысында медициналық туризмді дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық технологиялар және «Қазақстанның салауатты қалалары» форумы сынды бірнеше бағыт қамтылды.
«Салауатты қалалар Қазақстан» форумында «Денсаулық сақтауды басқару» кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ахметов Валихан Исаевич Алматы қаласының жаһандық «Салауатты қалалар» желісіне қосылуының тарихи аспектісі жөнінде баяндама жасады.
Өз баяндамасында Валихан Исаевич «Салауатты қалалар мен өңірлер» жобасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды таныстырды. Бұл құжат — халық денсаулығын нығайтуға бағытталған, саларалық өзара іс-қимылды практикалық тұрғыда жүзеге асыруға арналған маңызды стратегиялық және әдістемелік құрал болып табылады.