Skip to main content
search

Аударымдарға бақылау күшейтілді

Жаңа ережелерге сәйкес, банктер мен салық органдары жеке тұлғалардың шоттарындағы қаржылық операцияларға ерекше назар аударады.

Бақылау екі шарт қатар орындалғанда жүзеге асады:
• 3 ай ішінде шотқа 100-ден астам әртүрлі тұлғадан аударым түскен жағдайда;
• жалпы сома 1 млн теңгеден асқан жағдайда.

Тексерілмейді:
• жеке депозиттерден аударымдар;
• банкомат арқылы картаны толықтыру;
• ресми жалақы мен әлеуметтік төлемдер;
• жақын туыстардан аударымдар.

Сұрақ тудыратын қателіктер:
• туыстар арасында жиі «беріп-алу» аударымдары;
• түсініктемеде «төлем», «тауар үшін» деп жазу;
• касса орнына жеке карталарға ұсақ аударымдар;
• басқа адамдардың карталарын банкомат арқылы толықтыру.

Кеңес:
• аударым мақсатын дұрыс көрсетіңіз («қарызды қайтару», «сыйлық» және т.б.);
• соманы жасанды түрде бөлуден аулақ болыңыз;
• бизнес үшін ресми төлем арналарыңызды қолданыңыз.

Close Menu