Бұл маңызды кәсіби шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген стоматологтарды, ғалымдарды және стоматологиялық саланың өкілдерін біріктірді. Конгресс қатысушылары заманауи ғылыми жетістіктермен алмасып, жаңа технологиялар мен әдістерді талқылап, қазіргі стоматологияның өзекті мәселелерін қозғауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бұл шара кәсіби байланыстарды нығайту алаңына айналды.
Конгресстің ерекше сәті – «ҚДСЖМ» КМУ ректоры Ауезова А.М.-ға ТГСИ-дің құрметті профессоры атағын беру болды, бұл қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін жағымды тосынсыйға айналды.