Skip to main content
search

15 қазанда “ҚДЖСМ” қазақстандық медициналық университеті қытайлық “Mindray”компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Кездесу аясында университет ректоры Әуезова Ардақ , сондай-ақ департамент басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылап, мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың алдағы жоспарларын анықтады. Mindray 1991 жылы Қытайда (Шэньчжэнь) бәсекеге қабілетті, бағасы қолайлы, жоғары сапалы медициналық жабдықтар шығару мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта компания өз өнімдерін әлемнің 190-нан астам еліне сататын, өзінің тұрақты дистрибьюторлық және сервистік желісін құрған жетекші әзірлеуші және өндіруші болып табылады.

Close Menu