Алматыда 2024 жылғы 14 мамырда Алматы қаласы медициналық білім беру ұйымдарының түлектері үшін ауқымды “2024-Республикалық вакансия жәрмеңкесі” өтетінін хабарлаймыз.
Сіздерді денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытуға және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмыс берушілерге денсаулық сақтаудың білікті еңбек ресурстарын іздеуге арналған бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Іс-шарадан ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСАДЫ, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР мен жергілікті атқарушы органдар КАДРЛАРҒА ҚАЖЕТТІ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ТОЛТЫРАДЫ деп күтеміз.
Іс-шара шеңберінде медициналық білім беру жүйесі мен еңбек нарығына жаңа мүмкіндіктер мен сұраныстарды талқылауға, отандық білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің жоғары сапасына қол жеткізуге, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын ынталандыру мен басқарудың ғылыми аспектілері мен практикалық тәжірибесіне арналған “Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары: жетістіктер, білім беру және мансап” ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Ұйымдастырушы:
* Алматы қ. клиникалар қауымдастығы
Бірлескен ұйымдастырушылар:
* “ҚДСЖМ/KSPH” Қазақстандық медициналық университеті
* С. Д. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университеті
* Қазақстан-Ресей медициналық университеті
* Алматы қаласы ДСБ “Орталық қалалық клиникалық аурухана” ШЖҚ КМК
Кіру тегін.
Өтетін орны: Алматы қ., Жандосов к-сі, 6, Алматы қ. ДСБ “Орталық қалалық клиникалық аурухана” ШЖҚ КМК
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: +7 701 7650326
Қосымша ақпарат: https://hr-day.almaty-hospitals.kz/
Қатысу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSci__rEJo1Fx7esFypFskPWNwM6jzA9ygh2Och-IVZhutBs3g/viewform