Тарихы

Қазақстандық Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) 1997 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 шілдедегі №1142 қаулысымен Алматы қаласында ДДСҰ Еуропалық Өңірлік Бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы 1996 жылдың 18 қазанындағы Келісімге сәйкес құрылды. 2000 жылдың 18 қарашасында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚДСЖМ) деп атын ауыстырды. Мектеп қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, қоамдық денсаулық сақтау, заманауи жағдайдағы саясат және басқарудың өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.
ҚДСЖМ – ТМД елдері аумағындағы осындай бейіндегі алғашқы институттардың бірі болып табылады және осы таңда Қазақстан және Орта Азияның мемлекеттік шенеуніктеріне, денсаулық сақтау саласындағы бірінші буын мамандарына, барлық деңгейдегі медициналық ұйым басшыларына жаңа білім, ой-пікір және тәжірибелік дағдылар ұсыну аясында көшбасшы болып, сол ретте қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылым мен білім аясында алдыңғы орындарды нық ұстап тұр.

ҚДСЖМ-нің пайда болу және даму хронологиясы:

⦁ 1996 жылдың қазаны –  ДДСҰ Еуропалық Өңірлік Бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Келісімге қол қойылды.  (1996 ж. 18 қазан).
⦁ 1997 жылдың шілдесі – Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) құрылды. (1997 жылы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1142 Қаулысы).
⦁ 1999 жылдың наурызы – «0413 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы енгізілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт  министрлігінің  1999 жылы 5 наурыздағы  № 121 бұйрығы).
⦁ 1999 жылдың шілдесі –  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  мамандарды дипломнан кейінгі даярлаудың Мемлекеттік стандарты мен бағдарламасы бекітілді.
⦁ 2000 жылдың қарашасы – ҚДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚДСЖМ) деп атын ауыстырды (2000 ж. 18 қарашадағы ҚР Үкіметінің № 1735 қаулысы).
⦁ 2001 жылы – ғылыми мамандықтар тізбесіне бұрын қабылданған «14.00.33 – Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығының орнына  «14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы енгізілді.
⦁ 2001 жылдың сәуірі – ҚДСЖМ-да 09.19.02 «14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы  бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес ашылды.
⦁ 2001 жылдың желтоқсаны – ҚДСЖМ жанынан Орта Азия өңіріндегі алғаш Этика бойынша тәуелсіз комитет құрылды. Оның міндеті – ғылыми-зерттеу жұмыс жобалары және ғылыми зерттеу нәтижелеріне сараптама жасау болып табылады.
⦁ 2002 жылдың қаңтары – ҚДСЖМ-ға «14.00.33 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары ғылыми-педагогикалық біліктегі докторантурада мамандарды даярлауға рұқсат беретін жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жасауға құқықтандыратын 2002 жылдың 22 қаңтарындағы АА №0000608 Мемлекеттік  лицензиясы берілді.
⦁ 2002 жылдың маусымы – Мектеп APACH Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Азия – Тынық мұхиттық Академиялық Концорциумының мүшесі болып сайланды.
⦁ 2003 жылдың қаңтары – Мектеп ASPHER Еуропа өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау мектептері бірлестігінің мүшесі болып сайланды.
⦁ 2003 жыл – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Оқу орталығы құрылды (Food safety).
⦁ 2004 жылдың сәуірі – ҚДСЖМ ⦁ IUHPE Денсаулықты нығайту және білім бойынша Халықаралық одағының академиялық институционалдық мүшесі болып сайланды; Одақтың штаб квартирасы Парижде орналасқан. IUHPE ҚДСЖМ-ның мүдделерін IUHPE Қамқоршылық кеңесінің құрамына жаһандық дауыс беру жолымен кірген қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. А.М.Арингазина ұсынады.
⦁ 2005 жылдың 19 мамыры – ҚР ДСМ бұйрығымен № 245 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бекітілді. Академиялық дәрежесі: “Медицина магистрі”. Мамандығы: “611101 – Медицина”.
⦁ 2005 жылдың 1 тамызы – магистратура бағдарламасы бойынша  білім беру қызметін жасауға құқықтандыратын № 0008371 лицензиясы берілді.
⦁ 2012 жылдың қазаны – ҚДСЖМ ҚР ДСМ ұлттық аттестаттауынан өтті.
⦁ 2013 жылдың наурызы – ҚДСЖМ ORPHEUS Биомедицина және денсаулық туралы ғылым саласында докторлық білім бойынша Еуропа ұйымының құрамына кірді.
⦁ 2013 жылдың 18 сәуірі —  Қоғамдық денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша Еуропалық агенттіктің Директорлары кеңесінің шешімімен (APHEA) қоғамдық денсаулығы бойынша ҚДСЖМ магистратураның халықаралық аккредиттеуі.
⦁ 2012 жылдың 12 қазаны – ҚДСЖМ-да ISO 9001:2008 сапа саласында стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесі әзірленді және енгізілді.
2013 жылдың сәуірі – «SGS Kazakhstan» халықаралық компаниясын тарту арқылы «ISO 9001:2008 Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» тақырыбында семинар өткізілді, семинардың 19 тыңдаушысына ішкі аудиторлардың халықаралық сертификаттары табысталды.
⦁ 2013 жылдың қарашасы – ҚДСЖМ «SGS Kazakhstan Ltd» компаниясымен халықаралық деңгейде СМЖ бойынша сертификаттаудан өтті және Швейцарияның SAS халықаралық сертификатын алды.
⦁ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына сәйкес «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» ШЖҚ РМК ЖОО кейінгі қосымша, кәсіби медициналық және фармацевтикалық білім саласындағы бейінін сақтау арқылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС болып қайта құрылды.
⦁ 2015 жылдың желтоқсаны – «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігін алды.
⦁ 2016 жылдың маусымы – «ҚДСЖМ» ҚМУ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша Сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуілсіз Қазақстандық агенттіктің институционалдық аккредиттеуінен, сонымен қатар 6М110100 — «Медицина», 6М110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6D110200 — «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өтті.
⦁ 2017 жылдың қаңтары – «ҚДСЖМ» ҚМУ TQCSI (Kazakhstan) компаниясымен сертификаттау бойынша халықаралық органымен ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келетін қайта сертификаттауынан өтті.
⦁ 2017 жылдың қыркүйегі – «ҚДСЖМ» ҚМУ Венгрияның Будапешт қ. Мемлекеттік онкологиялық институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
⦁ 2018 жылдың 23 шілдесі – Малайзияның Халықаралық колледжімен бірлесіп Малайзияның Халықаралық медицина универститеті және С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық унисерситеті, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС және Астана қ. «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
⦁ 2018 жылдың 12 қазаны – Қытай, Шэньчжэнь қ. «Бір бағыт – бір жол» Халықаралық ынтымақтастық қауымдастығымен келісім жасалды.
⦁ 2019 жылдың 29 сәуірі – Қырғыстан, Бішкек қ. «Халықаралық Медицина жоғары мектебі» ұйымымен Меморандумға қол қойылды.
⦁ 2019 жылдың 29 сәуірі – «ҚДСЖМ» ҚМУ Қырғыстан, Бішкек қ. «Қырғыз-Ресей Славян университеті» Жоғары кәсіби білім беру Мемлекеттік мекемесімен келісімге қол қойылды.
⦁ 2019 жылдың 3 мамыры – Қырғыстан, Бішкек қ., И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясымен келісім жасалды.
⦁ 2019 жылдың 27 мамыры – «ҚДСЖМ» ҚМУ стратегиялық серіктесі болып табылатын Қытай, Шэньчжэнь қ., Шэньчжэн университетімен/Shenzhen University (SZU) келісімге қол қойылды.

Ректорлар

Мақсұт Кәрімұлы Құлжанов
Медицина ғылымдарының докторы, профессор. АҚШ Вирджиния Достастық Университетінің шақыртылған профессоры.
1997 жылдан бастап 2011 жыл аралығында ҚДСЖМ алғашқы ректоры.

Жанна Амантайқызы Қалматаева
Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында ҚР ДСМ «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің ректоры.

Гүлнара Жеңісқызы Тоқмурзиева
Медицина ғылымдарының докторы, профессор.
2015 жылдан бастап 2018 жыл аралығында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің ректоры.

Алма Мұханбетжанқызы Ауэзова
Техникалық ғылымдар кандидаты
2018 жылдан бастап 2019 жыл аралығында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің ректоры.

Ардақ Мұханбетжанқызы Ауезова
PhD философия докторы.
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің ректоры